Ақмола полицейлері «Есірткісіз болашақ» корпоративтік қорымен бірлесіп акция өткізді
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін Ақмола полицейлері «Есірткісіз болашақ» корпоративтік қорымен бірлесіп есірткі граффитиін жою бойынша акция өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 қаңтарда Ақмола облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Виталий Гудыменконың Ақмола облысы бойынша «Есірткісіз болашақ» корпоративтік қоры штабының басшысы Ербол Амантаевпен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесудің басты мақсаты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою, сондай-ақ 2022 жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген бірлескен жұмыстың нәтижелерін талқылау және ағымдағы жылға есірткіге қарсы бағыттағы одан әрі профилактикалық іс-шараларды жоспарлау болды.
Аймақтың есірткімен күрес полициясы нашақорлықтың алдын алу үшін әртүрлі қоғамдық институттарды, үкіметтік емес ұйымдарды және еріктілер қозғалыстарын тұрақты түрде тартып отырады. 2022 жылы есірткіге қарсы насихаттағы белсенді ынтымақтастығы үшін корпоративтік қордың басшысы Ербол Амантаев, сондай-ақ бірқатар еріктілер полиция департаментінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
– Полицияға көмек көрсететін еріктілерде көптеген міндеттер бар және ең алдымен, бұл құрдастар арасында құқықтық білімді насихаттау, өзінің, басқалардың да бойында адалдық, принциптілік, талапшылдық сезімін тәрбиелеу. Полицейлерге халықты ақпараттандыруға, наркографитиді жоюға көмек көрсете отырып, еріктілер құқық бұзушылықтар мен жалпы қылмыстың алдын алуға зор үлес қосып жатыр, – деп атап өтті Виталий Гудыменко.
Облыс орталығы аудандарының бірінде өткізілген акция барысында есірткімен күрес полицейлері мен еріктілер есірткі сайттарына сілтеме болып табылатын 11 жазба тапты.