Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында полицейлер “жерасты” сатушысына айыппұл салды.

Қарағанды облысында полицейлер “жерасты” сатушысына айыппұл салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың желтоқсан айында Қарағанды облысының Саран қаласында 47 жастағы тұрғын түнгі уақытта спирттік ішімдіктерді сату есебінен баюға шешім қабылдаған. Бұл мәселені шешу үшін әйел адам өз таныстарына жүгінген. Қала сауналарының бірінің әкімшісі түнде сәлемдемелер ала бастаған. Сәлемдемелерді жергілікті таксидің курьерлік қызметі тасымалдаған.

Саран қаласының ПБ қызметкерлері ақпаратты растай отырып, куәгерлермен сұхбаттасып, бұлтартпас дәлелдерді анықтады. Олар келесі сәлемдемені күте бастады. Ұзақ күтудің қажеті болған жоқ.

Қаңтарда заңсыз кәсіпкерлік қызметі және алкоголь өнімін сатқаны үшін сот “кәсіпкерге” 53 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салды.

Өткен жылы Саран қаласының полицейлері “Кешкі сағат 23.00 – ден таңертенгі 08.00-ге дейін алкоголь өнімін бөлшек саудада сату” фактісі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының талаптарын бұзған 16 фактіні анықтаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру