Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда жасөспірімнің телефонын тартып алған ер адамды қолға түсті

Теміртауда жасөспірімнің телефонын тартып алған ер адамды қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы ПД Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 42 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Әйел өзінің 16 жастағы ұлына белгісіз адам шабуыл жасағанын хабарлады. Кешкі уақытта дүкендердің бірінің жанында ұялы телефонмен сөйлесіп тұрған жасөспірімге жігіт жүгіріп жетіп, оның қолындағы телефонын жұлып алып, ізін суытқан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті деп танылған 19 жастағы жас жігітті анықтап, ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Заттай дәлелдемелер алынды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру