Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтау тұрғындарын 7 млн теңге алдап кеткен «кәсіпкер» құрықталды

Ақтауда өзін жеке кәсіпкермін деп таныстырып, тұрғындарды 7 млн теңгеге жуық қаржыға алдап кеткен алаяқ әйел құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтау қаласының тұрғындары өзін жеке кәсіпкер ретінде таныстырып, кейін алдап кеткен алаяққа қатысты полиция басқармасына арызбен жүгінді. Алаяқтыққа барған азаматша жәбірленушілердің сеніміне кіріп, олардан жеміс-жидек және балық өнімдерін алған, алайда аталған заттардың ақшасын бермеген. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 6,9 млн теңгені құрайды.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен “Anti fraud” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 37 жастағы күдікті әйелдің жеке басы анықталып, ұсталды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша Ақтау қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Өзге мәлімет тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру