Павлодар облысында әкімшілік айыппұлдан жалтарғандардан 6 млн теңге өндірілді
Павлодар облысында әкімшілік айыппұлдарды қасақана төлемегендерден 6 млн теңге өндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс тұрғындары құқық бұзушылықтардан кейін өтелмеген айыппұлы үшін жазаланады.
– Іс-шараны өткізу кезінде тәртіп сақшылары 35 жастағы павлодарлықтың басқаруымен Toyota автокөлігін тоқтатқан. Жүргізуші ағымдағы жылдың қаңтар айында ЖҚЕ бірнеше рет бұзғаны анықталды. Ол үшін жалпы сомасы 172 мың теңгеге 4 әкімшілік айыппұл салынған. Автокөлік берешегі толық өтелгенге дейін мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, – деп хабарлайды Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Іс-шараны өткізу кезеңінде мемлекеттік органдар мен мекемелерге, барлық меншік нысанындағы ұйымдарға қызметтік және жеке автокөлік бойынша, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар қызметкерлерге, оның ішінде «өткен жылдар» бойынша хаттар мен нұсқамалар жіберілетінін еске саламыз.
Рейдтік іс-шараларды жүргізу кезінде полиция қызметкерлері автокөлікті заңды негізде тоқтатады, өтелмеген әкімшілік айыппұлдар табылған жағдайда көлік құралы борыш толық өтелгенге дейін айыппұл тұрағына қойылады.
Сонымен қатар учаскелік полиция инспекторлары сот орындаушыларымен бірлесіп, күдікті төлеушілердің тұрғылықты жері бойынша іс-шаралар өткізеді.