Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда ЖКО салдарынан екі бала зардап шекті

Талдықорғанда ЖКО салдарынан екі бала зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласында 12 ақпан күні Nissan Juke және Haval Dargo автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соқтығысу кезінде автокөліктердің бірінің салонында болған екі жас бала (5 және 6 жас) зардап шекті. Балалар әртүрлі жарақаттармен қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды.

Екі көліктің жүргізушілері де медициналық тексеруден өтті. Шетелдік автокөлікті басқарған 48 жастағы әйелдің «орташа» дәрежелі мас күйде екендігі анықталды. Полиция оны медициналық айықтырғышқа алып барды, ал оның Nissan Juke автокөлігін және апатқа қатысқан екінші Haval Dargo автокөлік те арнайы автотұраққа орналастырылды.

Жол-көлік оқиғасына жүргізушілердің қайсысы себепкер болғанын ҚР ҚК-нің 345-1-бабы (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша жүргізілетін сотқа дейінгі тергеу шеңберінде анықталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру