Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында сотталғандарға тың серпін берген тренинг өткізілді

Қызылорда облысында сотталғандарға тың серпін берген тренинг өткізілді, – деп хабарлайды Polisa.kz.

Қылмыстық атқару саласына қарасты Қызылорда қаласындағы №68 мемлекеттік мекемесінің аға психологы Айзат Мырзалы ұйымдастыруымен шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар арасында «Мен басқаның көзімен кіммін» деген тақырыпта тренинг өтті.

Тренингке ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемесінің тәжірибиелі психологы А.Аманова мен №60 мекеме психологы Ш.Кульбаева қатысып, жазасын өтеуші азаматтарға психологиялық жаттығулар жүргізіп, сауалдарына жауап берді.

Аталған шараның негізгі мақсаты – жазасын өтеушіні өмір сүруге талпындыру, бақытты болу үшін өзін- өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелеу болып табылады.

Тренинг барысында алдымен ойын ұйымдастырылды. Ойында қатысушы сотталғандар бір-бірінен ой, қиял жүйріктігі, ойлап тапқыштығы жағынан ерекшеленіп көзге түсті . Қамаудағылар іс- шараға қызыға қатысып, белсенділік танытты.

Тренинг кезінде қатысушылар бір-бірден ортаға шығып, қалғандары ол жайлы пікірлерімен бөлісті. Өзгелердің сипаттауына сүйене отырып, өзінің жақы қасиеттерін біліп, өзін жаңа қырынан тануға мүмкіндік берді.

– Бұл олардың бойында «мен» концепциясын оятып, өзін-өзі бағалауына жетелейді. Өздері туралы өзгелерден жақсы сөз естіген сотталғандар көңілденіп, алдағы өмірлеріне позитивті көзқараспен қарап, бостандыққа деген сенімділіктері артты – деді Айзат Мырзалы.

Жазасын өтеуші азаматтар тренинг соңында, бүгінгі күннен алған әсерлерімен бөлісіп, бір-бірлеріне деген жылы лебіздерін білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру