Ақмолада «Қауіпсіз жол» ЖПІШ барысында 450-ден астам құқық бұзушы жауапқа тартылды
Ақмолада «Қауіпсіз жол» ЖПІШ барысында 450-ден астам құқық бұзушы жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жүргізушілер арасында көлік тәртібін, жолаушылар және жүк тасымалдарының қауіпсіздік деңгейін арттыру, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында ағымдағы жылғы 20-24 ақпан аралығында Ақмола облысының аумағында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
ЖПІШ-тің алғашқы күні жол қозғалысы ережелерін бұзудың 457-сі анықталды.
Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша 64 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
9 жүргізуші мас күйде көлік құралдарын басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) – 9 фактісі және ҚР ӘҚБтК 612-бабы 3-бөлігі (Көлік басқару куәлігінен айырылған адамдардың басқарудың) – 2 фактісі анықталды.
28 азамат телефонды пайдаланып, көлік құралдарын басқарған. 8 жүргізуші бағдаршамның тыйым салынған сигналын елемеген. 51 жүргізуші жылдамдық режимін бұзды. Жаяу жүргіншілер 36 бұзушылық жасаған.
ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 1-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша көлігін техникалық байқаудан өткізбеген 31 азамат жауапкершілікке тартылды.
Көлік құралдарын қайта жабдықтаудың 5 фактісі анықталды.Жолдардың қанағаттанарлықсыз жай-күйі үшін 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.