Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер жолдасынан зәбір көрген әйелді «әлеуметтік көмек көрсету» орталығына орналыстырды

Шымкенттік полицейлер жолдасынан зәбір көрген балалы ананы «әлеуметтік көмек көрсету» орталығына орналастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 ақпан күні Еңбекші ауданы полиция басқармасының «102» арнасы арқылы Қарабастау елді мекенінің тұрғыны шағымданған. Ол өз арызында жолдасы екеуінің арасында отбасылық жанжалдың жиілеп кеткендігін айтқан.

Мәселенің мән-жайын анықтау үшін көрсетілген мекенжайға әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Ж.Тасқұлова мен сол аумаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторы А.Көлтай барып, жағдайдың жай-жапсарымен танысты.

Нәтижесінде жолдасының үстінен қорғау нұсқамасы толтырылып, 30 тәулікке есепке алынды.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелге құқықтық және психологиялық қолдау көрсету мақсатында баласымен бірге уақытша пана ретінде «3-арнаулы әлеуметтік көмек көрсету» орталығына орналастырды.

Осы тұста тәртіп сақшылары жайсыз отбасылар мен түрлі отбасындағы зорлық-зомбылық салдарынан жанұя мүшелерінің зардап шегетінін айтып, оларға қатысты күш көрсету, кемсіту, ұрып-соғу жайттары бойынша заң жүзінде жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру