Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда көлік жүргізу куәлігінен өмір бойына айырылған мас жүргізуші ұсталды

Көкшетауда көлік жүргізу куәлігінен өмір бойына айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 ақпан күні сағат 19:00 шамасында “Әскер-5” экипажының қызметкерлері Абылай хан даңғылында облыс орталығының көшелерін патрульдеу барысында полиция қызметкерлері Александр Ефимов пен Мақсат Кибатулла 41 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы BMW автокөлігін тоқтатқан. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізуші “жеңіл” дәрежедегі мас күйде болған. Деректер базасын тексеру кезінде бұл азамат 2 жыл бұрын мас күйінде көлік жүргізгені үшін өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Көлік айыппұл тұрағына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру