Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысының полицейлері өртке оранған үйден 3 жасөспірмді эвакуациялады

Атырау облысының полицейлері өртке оранған үйден 3 жасөспірімді эвакуциялады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 ақпан күні Мақат ауданы Мақат кентінде орналасқан көп пәтерлі тұрғын үйдің 1 қабатындағы пәтерлердің бірінен өрт шыққаны байқалған. Полицейлер бөлім бастығының бірінші орынбасары Айымбек Қазбеков, аға учаскелік полиция инспекторы Тойғожа Азбергенов және учаскелік полиция инспекторы Сәкен Қазтұрғанов пәтердің терезесін сындыру арқылы ішіне өтіп 2 қабатта түтінге оранған пәтер ішінен 3 жасөспірімді қауіпсіз жерге эвакуациялаған.

– Өрт сөндіргенше үстіңгі қабатты түтін орап әкететінін түсінгесін ішінде тұрғындар қалмау керегін қадағалау қажет. Уақыттан ұтылмау үшін барынша жедел әрекет еттік. Бұл ерлік емес, жәй ғана қызмет бабында көмекке келдік, – деді Мақат аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Айымбек Қазбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру