Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында “Қауіпсіз жол” ЖПІШ аясында бір күнде 5 мас жүргізуші анықталды

Ақтөбе облысында “Қауіпсіз жол” ЖПІШ аясында бір күнде 5 мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20-24 ақпаны аралығында жүргізушілер арасында жол–көлік тәртібінің арттыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облысының аумағында жол қауіпсіздігіне әсер ететін жол-көлік ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күнінің қорытындысы бойынша жол қауіпсіздігі саласында 490 бұзушылықтың жолы кесілді. Оның ішінде көлік құралдарын мас күйінде басқарғаны үшін 5 факт, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығудың 4 фактісі анықталды, 25 жүргізуші жаяу жүргіншілерге қозғалыс артықшылығын бермегені үшін жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ ЖҚЕ бұзғаны үшін 56 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар көлік құралын басқару құқығынан айырылған не басқаруға құқығы жоқ адамдардың көлік басқаруының 6 фактісі және жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзудың 46 фактісі анықталды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын ҚР жол қозғалыс ережелерін сақтауға, жол қозғалысына жауапты болуға және жолдарда өмірі мен денсаулығынан айырылғандарды еске алуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру