Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда тергеу изоляторына телефон тасыған фельдшер ұсталды

Алматыда тергеу изоляторына телефон тасыған фельдшер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жуырда Алматы қаласындағы тергеу изоляторына шақырту бойынша келген жедел жәрдем фельдшері өзімен бірге тыйым салынған заттар ала келген.

– ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен (Бірнеше рет ұрлық жасау) сотталған 41 жастағы жігітке жедел жәрдем шақыртылған болатын. Жедел көмек көрсету үшін келген жедел-жәрдем бригадасын тексеру кезінде Р. атты фельдшерден әртүрлі маркадағы 4 телефон мен 145 мың ақша табылды, – деп хабарлайды Алматы қаласы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Сотталған К. есімді азамат сол күні тергеу изоляторының қызметкерлеріне «бүйрегім ауырды» деп шағымданған. Оған жедел медициналық көмек көрсету үшін фельдшерге жеткізу кезінде сотталған К-нің қалтасынан да целлофанға оралған ұнтақ пен өткір иісті шөп табылды. Сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша, оның қалтасынан табылған заттардың 78,66 грамм гашиш пен 15,20 грамм кептірілген марихуана екендігі анықталды.

Аталған фактілер бойынша Алматы қаласы Түрксіб аудандық полиция басқармасынан жедел-тергеу тобы шақыртылып, қазір тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру