Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда сауда үйлерінің бірінде қалта ұрлығымен айналысқан әйел қамауға алынды

Қарағандыда сауда үйлерінің бірінде қалта ұрлығымен айналысқан әйел қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне 39 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші әйел қаладағы сауда үйлерінің бірінде сауда жасап, кейін алған заттарына ақша төлемекші болғанда белгісіз біреу қалтасынан әмиянын ұрлап кеткенін білген. Әмиянда жәбірленушінің жеке бас құжаттары, банк картасымен ақшасы болған. Келтірілген шығын көлемі 50 мың теңгені құрады.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 37 жасар әйел адам ұсталды. Ол жәбірленушінің аңғал тұсын пайдаланып, қалтасын қол салғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру