Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда “кәсіпкерлер” жанар-жағармай сатамын деген желеумен 3 млн теңге үптеп кеткен

Қарағандыда жалған кәсіпкер ЖШС-ке автокөлік майын сатамын деген желеумен 3 млн теңгесін үптеп кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты орталық полиция бөліміне қаладағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің басшылығы арызбен шағымданған. Белгілі болғандай, аталған серіктестік қалада көлік жөндеу және көліктің қосалқы бөлшектерін сатумен айналысқан. Кейін олар жұмыстарына қажет болғандықтан осындай мекемелерге жанар-жағармайлар тасымалдаймыз деген екі азаматпен танысып, олардың фирмасымен келісімшартқа отырып, олар жәбірленушіге май алып келетін болып, 3 млн теңге алдын ала ақша алған. Кейін соңғысы аталған келісімшартты орындамай, хабарсыз кеткен.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 54 және 63 жастағы екі азамат ұсталды. Олар жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлерімен күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру