Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында заңсыз жұмыс істеген шетел азаматтары анықталды

Атырау облысында заңсыз жұмыс істеген шетел азаматтары анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20-28 ақпан аралығында Атырау облысы аумағында республикалық “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Атырау қаласының полиция басқарамасы көші-қон қызметі бөлімі және жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, қала аумағында заңсыз жұмыс жасап жүрген шетелдіктерге тексеріс жасаған. Тексеру жұмыстары нәтижесінде Атырау қаласы аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарынан 31 шетелдік және мал соятын ет павильондарында, жеңіл тағамдар дайындайтын орындар мен көкөніс, жеміс-жидек сататын дүңгіршектерде заңсыз жұмыс жасап жүрген шетелдіктерді анықтаған.

Қазақстан аумағында заңсыз жұмыс жасаған шетел азаматтарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабының 5 тармағы (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауымен көрінген, ҚР-ның халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жергілікті атқарушы орган өз бетінше жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруы) бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталып, жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру