Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Басты қағидат – халықтың сенімі 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ оқу орталығының базасында кеңес өткізіліп, онда «Қоғаммен бірлесе отырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдаманың» негізгі ережелері түсіндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Оған көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев, ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов, «AMANAT» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғысхан Қожахметов, сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Н.Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ қызметкерлері және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Кеңесті ашқан Б.Малыбаев, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мемлекеттік аппараттың алдына «Шешім қабылдауда азаматтардың қатысуын едәуір кеңейте отырып, мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынастардың тиімді және теңгерімді модельін қалыптастыру туралы» нақты міндет қойғанын айтты.

– Ведомство басшысы өз сөзінде, департамент «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде ішкі істер министрі Марат Мұратұлы Ахметжановтың бюрократиядан арылу, полицияның сервистік моделін іске асыру бойынша қойған міндеттерін орындауда барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр,- деді.

Оның айтуынша, теміржол, әуе және теңіз көлігімен жолаушылар мен жүк тасымалын ұйымдастыруға жауапты жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдар құқықбұзушылықтың алдын алуға жауапты.

Басқосу барысында Санжар Әділов аталған тұжырымдаманың басым бағыттарын егжей-тегжейлі түсіндірді: азаматтардың өмірі, денсаулығы мен мүлкінің қорғалу деңгейін арттыру; құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді жүйесін құру; полицияны қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі заманауи тиімді ұйымға айналдыру. Сондай-ақ ол бұл тұжырымдама мемлекеттік билік органдарының, кәсіби полиция мен құқықтық қоғамдастықтың өзара іс-қимылы мен тиімді қызметіне негізделген құқық бұзушылықтардың алдын алудың кешенді жүйесін құрудың іргетасы болып табылатынын атап өтті.

– Тұжырымдамада полиция жұмысын трансформациялау, бюрократиялықтан қоғамның сұраныстарына бағдарланған адамға бағытталған модельге көшу жөніндегі шаралар бекітілетін болады. Басты қағидат-халықтың полицияға деген сенімі, – деді С.Әділов.

Өз кезегінде «AMANAT» партиясының өкілі Шыңғысхан Қожахметов жеке тұлға мен қоғам арасындағы қарым-қатынас, заң мен құқықтық тәртіпті құрметтеу отбасында қаланатынын атап өтті. Қоғамға пайда әкелу үшін әуелі өзіңізден бастау керек. Әр адам өз елін қорғап, басқаларға көмектесуі керек және бірлікті ту еткен қоғамда кез-келген кедергілер абыроймен еңсеріледі.
Кеңес соңында қатысушылар талқыланатын тақырып бойынша өз сұрақтарын қойып, оларға жауаптар алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру