Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында шекараны заңсыз кесіп, жөзекшелікпен айналысқан шетелдік ұсталды

Жетісу облысында шекараны заңсыз кесіп, жөзекшелікпен айналысқан шетелдік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорғандағы қонақ үйлердің бірінде 30 жастағы шетелдік әйел ұсталды. Болжам бойынша, жас келіншек қалалық сауналарда жезөкшелікпен айналысқан. Оның айғақтарына сәйкес, ол 2014 жылы біздің елге заңсыз кіріп, жақында Талдықорған қаласында қоныстанған.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 392-бабында (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Жалпы, 8 күн ішінде өңірде көші-қон заңнамасы бойынша 297 бұзушылық анықталды. 139 шетелдік азамат жауапқа тартылды, оның ішіндегі 17 азамат Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге шығарып жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру