Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қалта ұрысы ұсталды

Алматыда қалта ұрысы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полициясы үш қалта ұрлығын жасады деген күдікпен Оңтүстік Қазақстан облысының тумасын ұстады.

– Нұсқалардың біріне сәйкес, 38 жастағы күдікті қаланың Әуезов және Алатау аудандарының аумағында ұрлық жасап жүрген. Бұған дейін 104-бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысының қалтасынан IPhone телефонын суырып алған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу, күдіктінің үш ұрлық дерегіне қатысты болуы мүмкін екенін анықтады. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның жалпы қала бойынша осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады, – деді Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Дидар Аханов.

Қылмыстық іс бойынша басқа да мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру