Ақтөбе полицейлері аккумулятор ұрлаған күдіктілерді анықтады
Ақтөбе полицейлері аккумулятор ұрлаған күдіктілерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі өзінің КамАЗ көлігінен белгісіз адамдар екі аккумуляторды ұрлап кеткені туралы арызданды. Ұрланған мүліктің құны 300 мың теңгені құрады.
Полиция қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу барысында күдіктілерді анықтап, ұстады. Анықталғандай, ұрланған аккумуляторлық батареяларды, күдіктілер қабылдау пунктінде тапсырған.
Қазіргі уақытта осы фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.