Қызылорда облысының полициясында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 170 дерегі тіркелген
Қызылорда полицейлері табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 170 дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 ақпан мен 13 наурыз аралығында облыс көлемінде “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.
Жүргізілген рейдтік шаралардың барысында полицейлермен 18 күнде табиғат қорғау заңнамасын бұзған 170 дерек анықталды, оның төртеуі қылмыстық іс, 166-ы әкімшілік құқық бұзушылық болған.
Оның ішінде жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзудың 98 дерегі анықталды. Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы бойынша 21 әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды, ал азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену,беру,есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу бойынша 44 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды.