Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда тергеу изоляторындағы сотталушыға танысы телефон беріп жібермек болған

Павлодарда тергеу изоляторындағы сотталушыға танысы телефон беріп жібермек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №63 мекемесінің қарау тобының қызметкерлері азық-түлік өнімдерінде тыйым салынған заттарды анықтады.

Кондитерлік орама мен құрманың қорабына ептілікпен жасырылған екі телефон, SIM-карталарымен, сондай-ақ Wi-Fi маршрутизатор табылып, тәркіленді. Сәлемдеме аса ірі көлемде мал ұрлығы үшін қамалған тергеудеді сотталушыға жеткізілмек болған.

– Келушілер сотталғандарға қолданыстағы заңнамамен тыйым салынған заттардың тізіміне еңгізілген заттарды беру әрекеттерін қалдырмайды. Осы орайда көз ілеспес тапқырлық танытады. Бірақ мекеме қызметкерлерінің кәсіпқойлығы, тәжірибесі арқасында тыйым салынған заттар дер кезінде анықталалады, – деп түсіндірді мекеме бастығы Берік Рахимов.

Тіркелген факті бойынша заңды бұзған азаматқа қатысты ҚР ҚПК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, материалдар сотқа жіберуге дайындалып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру