Ақмолалық полицейлер кәмелекетке толмаған ұлын қалдырып кеткен анаға қатысты мән-жайды анықтады
Ақмола полицейлері кәмелетке толмаған ұлын полиция бөлімінде қалдырған анаға қатысты тексеру жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақкөл ауданының полиция бөліміне 49 жастағы жергілікті тұрғын өтініш білдірді. Әйелдің айтуынша, білім бөлімінің қызметкерлері 16 жастағы ұлын балаларды қолдау орталығына орналастырудан бас тартқан. Әйелдің күндізгі уақытта 16 жастағы жасөспірімді отбасының қиын жағдайда болуына байланысты оны тиісті ұйымдарға орналастыру үшін Ақкөл ауданының білім бөлімінің қамқоршылық органдарына алып келгені анықталды. Полицияға арыз берген кезде әйел ұлын Ақкөл ауданының ПБ-ның ғимаратында тастап, белгісіз бағытқа қашып кеткен.
Кейінірек бір сағат ішінде кәмелетке толмаған баланы қайтаруды сұрап полиция бөліміне оралған.
Жасөспірім анасына қайтарылды.
Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар Ақкөл АПБ ювеналды полиция инспекторларымен бірлесіп қажетті профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатыр. Тұрғын үй жағдайларына тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы мәселені кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның отырысында қарау жоспарланған.
Бұл мәселені аудан прокуратурасы бақылауға алды.