Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда төленбеген 3 млн теңгеге жуық айыппұлы бар төрт көлік анықталды

Атырауда бір күнде төленбеген 3 млн теңгеге жуық айыппұлы бар төрт көлік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бір күн ішінде жедел басқару орталығының қызметкерлері төленбеген 3 млн теңгеге жуық айыппұлдары бар төрт көлікті анықтады.

Мәселен, 15 наурыз күні сағат 23:55 шамасында «Қорғау Сергек» іздеу жүйесімен 1 207 500 теңгені құрайтын 27 айыппұлы бар ВАЗ-2199 көлігін борышкер ретінде анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген. Сонымен қатар 931 500 теңгені құрайтын 37 айыппұлы бар Chevrolet автокөлігі, 255 234 теңгені құрайтын 12 айыппұлы бар ВАЗ-2114 және 528162 теңгені құрайтын 36 айыппұлы бар ВАЗ-2110 көліктері тоқтатылды.

Аталған автокөлік жүргізушілеріне ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабы бойынша хаттама жасақталып, көліктер арнайы тұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру