Семейде «Қаңғыбас» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
Семейде «Қаңғыбас» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей қаласының аумағында 29-31 наурыз аралығында «Қаңғыбас» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шара аясында тәртіп сақшылары белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтап, олардың жолын кеседі. Үйсіздердің жиі болатын орындары кіреберістер, жертөлелер, жылу трассалары және полигондар тексеріледі.
ЖПІШ өткізу шеңберінде бірінші күні қабылдағыш-таратқышқа іріктеу топтарымен 11 адам жеткізілді. Оның ішінде 9 адамның 3 сағат ішінде жеке бастары анықталды. 2 адамға Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына материалдар жиналды. Қаңғыбастардың көпшілігі 30 бен 45 жас аралығындағы адамдар.
Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар жиналатын орындар анықталған жағдайда қабылдағыш-таратқыштың кезекші бөліміне № 33-99-73 номері бойынша хабарлауды сұраймыз.