Елордада екі азамат жоқ пәтерлерді жалға берген
Елордада екі азамат жоқ пәтерлерді жалға берген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елорданың үш тұрғыны полицияға жүгініп, белгісіз бір адамның пәтер жалға беремін деп алдап, сенімдерін асыра пайдалану арқылы олардың ақшасын иемденгені туралы арызданған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері екі адамды анықтады. Олар 23 жастағы екі жас жігіт болып шықты.
Олар пәтерлерді жалға беру сылтауымен жарнама сайтында жарнама орналастырғаны анықталды. Жәбірленушілер соншалықты қымбат емес бағаны көріп, хабарландыру бойынша қоңырау шалған. Телефонмен сөйлескен кезде күдіктінің шарты алдын-ала төлем жасау болған. Ақшаны алғаннан кейін күдікті бірден жарнамаларды өшіріп, телефон нөмірін өзгертіп тастаған. Қазіргі уақытта олардың бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, сондай-ақ басқа да жәбірленушілер анықталып жатыр.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.