Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе тұрғынын жалған чекпен алдаған күдікті анықталды

Ақтөбе тұрғынын жалған чекпен алдаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, күдікті сауықтыру массажын ұсынған. Клиент оған көрсеткен массаж қызметі үшін жалған чек ұсынған. Жәбірленушіге келтірілген залал 15 мың теңгені құрады. Хабарлама түскен бойда тәртіп сақшылары қылмысты ашу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтады.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру