Теміртауда екі азамат дәмхана мен дүкенге ұрлыққа түспек болған
Теміртауда екі азамат дәмхана мен дүкенге ұрлыққа түспек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түнгі сағат 01:50 шамасында Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты шығыс полиция бөліміне дәмхана мен дүкен орналасқан ғимараттың дабыл түймесі іске қосылғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобымен сол маңға жақын жерде қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция жасағы жіберілді. Кенеттен оқиға орнына келген полиция қызметкерлерінің әрекеті күдіктілердің жымысқы ойларын жүзеге асыруға кедергі келтірді. Полиция қызметкерлері 25 пен 33 жастағы екі азаматты ұстады. Ұсталғандар оқиға орнынан бағалы заттар ұрламақшы болғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.