Көкшетауда дүкеннен ақша ұрлаған азамат анықталды
Көкшетауда дүкеннен ақша ұрлаған азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 наурыз күні Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының 20 жастағы тұрғыны, дүкен иесінен 26 наурыз күні дүкен сөресінен 46 мың теңге сомасында ақшалай қаражаты бар косметикалық шағын сөмкені ұрлаған белгісіз адамға қатысты шаралар қабылдау туралы өтініш келіп түсті. Сатушының айтуынша, сатып алушылардың бірі шарап сатып алғысы келген. Сатушы қоймаға кеткенде белгісіз адам осы мезетті пайдаланып, дүкенге тапсырыс берілген тауарды төлеуге арналған қолма-қол ақшаны иемденген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында дүкеннің бейнебақылау камераларының көмегімен облыс орталығының бұрын сотталған 41 жастағы тұрғыны анықталды. Оның қатысы қазіргі уақытта тексеріліп жатыр. Заттай дәлелдемелердің бір бөлігі тәркіленді.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Істің өзге мән-жайлары анықталып жатыр.