Павлодарда ҚАЖ қызметкерлері сәбилер үйіне барды
Павлодарда ҚАЖ қызметкерлері сәбилер үйіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №63 мекеменің (аралас қауіпсіздік мекемесі) қызметкерлері Павлодар облыстық мамандандырылған сәбилер үйіне барды. Офицерлер балаларға сыйлықтар, жемістер апарып, жылы сөздермен қуантып қайтты.
– Біз қаланың мекемелерімен тығыз байланыста жұмыс жасаймыз. Жеке құрам тарапынан түрлі себептермен ата-анасыз қалған балаларға көңіл бөлу туралы ұсыныс айтылды. Балалар дені сау, бақытты болып өсе берсін. Қонақжайлық үшін балалар үйінің басшылығына алғысымызды білдіреміз, – деді мекеме басшысы Берік Рахимов.
Айта кететін жайт, дәл қазір балалар үйінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 60-қа жуық бала бар.