Ұрлық жасады деген күдікпен іздеуде жүрген азамат Павлодарда қолға түсті
Ұрлық жасады деген күдікпен іздеуде жүрген азамат Павлодарда қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері Суворов зиратының аумағын тексерді. Нәтижесінде полицейлер заң бұзушылықтарды анықтады.
Мысалы, екі Павлодарлық белгіленбеген жерде гүлдермен және өзге де атрибуттармен сауда жасаған. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, тағы үш тәртіп бұзушыға қатысты абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін, құрылыс қоқыстарын қалдырғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша хаттамалар толтырылды.
– Іс-шара барысында полиция қызметкерлері зират аумағында жүрген адамды тоқтатты. Сауалнама деректерін анықтаған кезде, 33 жастағы ер адам бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін Петропавл қаласында іздеуде екендігі анықталды. Ер адам одан әрі іс жүргізу үшін Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөліміне жеткізілді. Бұл туралы павлодарлық полицейлер іздестіру бастамашысына хабарлады, – деді Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Рустам Серғазинов.