Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері заңсыз қару сақталған орынды анықтады
Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері ҰҚҚК басқармасымен бірлесіп заңсыз қару сақталған орынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №57 мекеме қызметкерлерінің жедел ақпараты бойынша, мекеме және ҰҚҚК қызметкерлерімен мылтықтар жасырылған орын анықталды.
Қапшықтарға салынған 16 калибрлі тегіс қос ұңғылы ТОЗ маркалы аңшылық мылтық пен қос тегіс ұңғылы аңшылық мылтықтын кесігені Талдықорған қаласының Көктал ауданында орналасқан «Дубки» демалыс аймағының маңынан табылған.
– Бұл факт Талдықорған қаласының полиция бөлімінде тіркеліп, ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот баллистикалық сараптама тағайындалды, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.
Естеріңізге сала кетейік, жыл ішінде Алматы облысы мен Жетісу облысының ҚАЖ қызметкерлері жиырмаға жуық қару мен екі мыңнан астам түрлі калибрлі оқ-дәрілерді анықтап, тәркілеген болатын.