Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық полицейлер бозбаланы тонаған тұрғынды ұстады

Алматылық полицейлер 17 жастағы бозбаланы тонаған тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері шабуыл жасаған азаматтың “ізін суытпай” ұстады.

– Қылмыс түнгі сағат 02:00 шамасында Алматының Әуезов ауданындағы ТҮ бірінің аумағында орын алды. 19 жастағы Г. есімді азамат, өтіп бара жатқан жас жігітті байқап қалып, физикалық күш көрсетемін деп қорқытып, IPhone маркалы телефонын тартып алған, сол арқылы жәбірленушіге 300 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірген. Жас жігіт бейтаныс жігіттің талабын орындағаннан кейін қылмыс туралы дереу полицияға хабарлаған. Осылайша, қарақшылық шабуылдың бетін ашып, күдіктіні ұстауға мүмкіндік туды, – дейді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Спикердің айтуынша, ұсталған азаматтың басқа да ықтимал заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, соттың заңды күшіне енген үкімімен оның қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі анықталғанға дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру