Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Жетісу облысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың, сондай-ақ нашақорлықтың алдын алу, жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылыққа және зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет жасау, балалардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарда және көшелерде заңды өкілдерінсіз болуының алдын алу мақсатында Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларымен, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және облыстық білім басқармасы қызметкерлерімен бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

Іс-шара облысымыздың барлық аудандарында жалғасын тапты. Іс-шараға облыс көлеміндегі барлық мектептердің директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Рейдтік іс-шара облыс көлемінде ІІО-да есепте тұратын қолайсыз отбасын және кәмелетке толмағандардың тұрғылықты мекен-жайларын тексеруден басталды.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабымен (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) – 1, 200-бабымен (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) – 1, 442-бабымен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) – 30 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Жалпы жыл басынан жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуға әсерін тигізетін 964 құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді.

Осындай рейдтік іс-шаралар күнделікті, әсіресе жұма-жексенбі күндері аралығында күшейтілген режимде өткізілетін болады.

Кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі ұдайы бақылауда және профилактикалық жұмыстар жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру