Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағашта екі азамат жайылымда жүрген жылқыны ұрлап, сатып жіберген

Сарыағашта екі азамат жайылымда жүрген жылқыны ұрлап, сатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның жайылымда жайылып жүрген биесін белгісіз біреулер ұрлап, млн теңге шығын келтірген.

Аталған жайтты полицейлер бірден ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркеуге алып, іздестіру жұмыстарына кірісті.

Полицейлер көрген-білгендерден жауап алып, жақын аумақтарды тыңғылықты қарап шықты. Мал базарлар мен мал тасымалдайтын автокөліктерді мұқият тексерді. Мал иесі мен полицейлердің жан-жақты іздестіру шараларының нәтижесінде ұрланған жылқы жайлы ақпарат көздері анықталды. Сұрастыру барысында күдікті екі жас жігіттің жеке басы белгілі болды. Олар көрші тұратын жергілікті тұрғындар болып шықты.

Тексеру барысында күдікті екі жас жігіт жылқының жайылымда қараусыз жүргенін пайдаланып, жүк көлік жалдап, тиеп әкеткені анықталды. Содан олар жылқыны Қазығұрт ауданындағы мал базарға апарып, арзан бағаға сатып жіберген. Түскен ақшаны бөліп алып, бас пайдаларына жұмсаған. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру