Екі ел азаматтығын қатар алып жүрген ресейлік әйел Қазақстаннан шығарылды
Екі ел азаматтығын қатар алып жүрген ресейлік әйел Қазақстаннан шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 410 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде сот шешімі бойынша елден 84 шетелдік азамат шығарылды. Қос азаматтығы бар 36 адам анықталды және тиісті шаралар қабылданды.
Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы Ауыл станциясының шекара бақылау бекетінде Семей станциясындағы желілік полиция бөлімінің көші-қон қызметінің қызметкерлері ҚР ҰҚК-нің Шекара қызметімен бірлесіп, «Жаңасібір – Бішкек» бағытындағы жолаушылар пойызында құжаттарды тексеруді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзғаны үшін Ресей Федерациясының 71 жастағы азаматшасын анықтады.
Көлік полицейлері оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырып, әкімшілік материалды Абай облысының Бородулиха аудандық сотына жолдады. Сот шешімі бойынша құқық бұзушыға ҚР аумағына кіруге 5 жыл мерзімге тыйым салу белгіленіп, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарып жіберу түрінде жауапқа тартылды.