Астаналық тұрғын өзгенің телефонынан қоңырау шалуды өтініп, қашып кеткен
Астаналық тұрғын қоңырау шалуды өтініп, қашып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz
Полицияға 29 жастағы қала тұрғыны арызбен жүгініп, Майлин көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз адам қоңырау шалу үшін телефонын сұрағаны және Redmi 9A маркалы телефонды иемденгені туралы хабарлаған.
Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 19 жастағы жас жігітті анықтады. Тексеру барысында түнде көшеде жүргенде оның қоңырау шалу үшін телефон сұрағаны анықталды. Сөйлесіп тұрғандай кейіп танытып, ол бірте-бірте алшақтап, содан кейін қадамын тездетіп қашып кеткен.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған адамның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.