Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде екі азамат жоқ көлікті кепілге қойып, онлайн-кредит рәсімдеген

Ақтөбеде екі азамат жоқ көлікті кепілге қойып, онлайн-кредит рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Автокөлік нарығында сатып алушылар мен сатушылар ғана емес, банктер де алданады. Көптеген жыл бойы қылмыскерлердің белсенді қолданатын бірнеше сызбалары бар. Алаяқтардың арбауына түскен банк ақшасыз және көліксіз қалды.

Мысалы, 41 жастағы алматылық 30 жастағы ақтөбелік азаматпен сөз байласып, Hyundai Santa Fe автокөлігін рәсімдеуді шешіп, тағы бір схеманы пайдаланған. Алматылық азамат сатушы рөлінде болды, ал 30 жастағы ақтөбелік «сатып алушы» болды. Олар 18 млн теңге көлемінде онлайн-автонесие ресімдеген.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігіне сәйкес (Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру