Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада көші-қон заңнамасын бұзған 57 шетелдік азамат анықталды

Елордада көші-қон заңнамасын бұзған 57 шетелдік азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Елден шығарылғандар» жедел-алдын алу іс-шарасының бес күнінің қорытындысы бойынша полицейлер бұрын Қазақстан Республикасынан шығарылған, бірақ сот шешімін орындамаған 57 шетелдік азаматты анықтады. Шетелдік азаматтар елорда аумағында заңсыз болған.

Іс-шараны өткізу барысында Өзбекстан Республикасының 22 жастағы азаматы анықталды. Ол сот шешімімен 2021 жылы елден шығарылған. Шетелдікке қатысты мәжбүрлеп шығарып жіберу үшін 30 тәулік мерзімге қамауға алуға санкция берілді.

Астана қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта барлығы 26 шетелдікке қатысты елден мәжбүрлеп шығарып жіберу үшін 30 тәулік мерзімге санкцияланған қамауға алу туралы шешім қабылданды.

Полицейлер шығарып жіберу туралы шешімді орындамау қылмыстық жазаланатын әрекет болып табылатынын және қылмыстық заңнамаға сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтыратынын атап өтті.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдіктердің елордада болуын, олардың шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы заңнама талаптарын сақтауын, уақытылы елден шығуын тұрақты негізде бақылайды. Қала аумағында заңсыз көшіп-қонушылар мен ішкі істер органдарында уақытылы тіркелмеген құқық бұзушыларды анықтауға жүйелі түрде рейдтер жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру