Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да “Спорт есірткіге қарсы” науқаны аясында спорттық турнир өтті

ШҚО-да “Спорт есірткіге қарсы” науқаны аясында спорттық турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері салауатты өмір салтын насихаттау, темекі, алкоголь және психобелсенді заттарды қабылдамау мақсатында балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар мен акцияларды тұрақты негізде өткізеді.

Ағымдағы жылдың 16 сәуірінде “Олимпиец” сарайында ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Шығыс Қазақстан облысының гір спорты және армрестлинг федерациясымен бірлесіп “Спорт есірткіге қарсы” науқаны аясында 33 келіден 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жас шектеулерінсіз гір спортынан облыстық турнир өткізді. Турнирдің ең жас қатысушылары әр қолына салмағы бес келі кірді көтеріп, лайықты өнер көрсетті. Сонымен қатар 48, 53 және 63 келі салмақ дәрежесіндегі қыздар да өздерінің күштерін, төзімділігі мен қабілеттерін көрсетті. Өткізілген турнир барысында спортшылар жарысты керемет қызықты, әсерлі және эмоционалды өткізу үшін бар күш-жігерін салды. Басқалардан озық шыққан қатысушылар алтын медаль жеңіп алды.

– Чемпион болу міндетті емес, бірінші кезекте адам болу керек. Спорт тәрбиелейді. Оқушы қоршаған ортаға үйренеді, лайықты ұтылуды және жеңуді үйренеді. Менің мақсатым-жақсы спортшыларды ғана емес, лайықты адамдарды да даярлау, – деп Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, әлемнің алты дүркін чемпионы Әлижан Мұратов барлық қатысушыларға спортта биік жетістіктерге жетуді тіледі.

Сондай-ақ аталған іс-шараға гір спорты және армрестлинг федерациясының төрағасы Әбдіғалиев Әділ Бағдатұлы бастаған облыстың жоғары санатты тәжірибелі төрешілерінен құралған төрешілер командасы тартылды.Барлық жеңімпаздар мен олардың жаттықтырушылары ШҚО полиция департаменті атынан дипломдармен, медальдармен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталды, “Есірткіге жол жоқ!” логотипі бейнеленген кепкалар таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру