Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер оқушылар арасында есірткі қолдануға қарсы дәріс өткізді

Жамбылдық полицейлер оқушылар арасында есірткі қолдануға қарсы дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 сәуір күні Тараз қаласының №2 орта мектебінде “Балалар есірткіге қарсы” тақырыбында дәріс өтті. Ұйымдастырушылар – Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ.

Оқушылар арасында есірткі қолдануға қарсы мақсатта сауалнама өткізілді. Полицейлер есірткіні қолданудың аса ауыр зардаптары туралы, тыйым салынған заттарды қолдану мен таратудың құқықтық аспектілері туралы айтып, синтетикалық есірткіні тарату мәселелері туралы бейнероликтер көрсетті. 

Кездесу барысында оқушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, оған толық көлемде  нақты жауаптар алды. 

– Жасөспірімдер үшін есірткінің зияны мен зардабы және олардың салдары туралы білу өте маңызды. Әсіресе,  қазір синтетикалық заттардың жаңа түрлері пайда болған кезде. Ақпараттық – түсіндіру жұмыстары ата-аналармен және мұғалімдермен де жүргізіледі, олар өз баласын осы дерттен  қорғайды және есірткіні қолданудың қандай да бір белгілері анықталған жағдайда дабыл қағады, – деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру