Маңғыстау облысында өзгенің ақшасын алаяқтықпен иемденіп алған күдікті құрықталды
Маңғыстау облысының тұрғыны Грузия мемлекетінен көлік әкеліп беремін деп Атырау тұрғынын алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау қаласының тұрғыны Грузия мемлекетінен көлік әкеліп беремін деп уәде беріп, кейін сөзінде тұрмаған азаматқа қатысты полицияға арызданды. Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушіден 2 млн теңгеге жуық қаражат алған. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 42 жастағы Мұнайлы ауданының жергілікті тұрғынының жеке басы анықталып, ұсталды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жария етілмейді.
Маңғыстау облысы полиция департаменті тұрғындар мен қонақтарды сақ болуға және ешқандай жағдайда ақша қаражатын бейтаныс адамдарға бермеуге, өздерінің банк карталарының нөмірлерін және құпия сөздерін, басқа да жеке ақпараттарды хабарламауға шақырады.