Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда шатырларды мұздан тазартпаған ПИК төрағасына хаттама толтырылды

Павлодарда шатырларды мұздан тазартпаған ПИК төрағасына хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аймақтағы тұрақсыз ауа райына және үйлердің және басқа да ғимараттардың шатырларында температураның өзгеруіне байланысты мұз пайда болуда. Бұл өте қауіпті болуы мүмкін.
Тұрғын үйлердің шатырларын мұз бен қардан уақытылы тазарту ПИК міндетіне кіреді. Жеке ұйымдар, кәсіпорындар ғимараттардың абаттандырылуын өздері бақылайды.

Мәселен, 18 сәуірде Павлодар қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, Павлов көшесіндегі үйдің төбесінен тамшылаған судың мұз болып қатып тұрғанына шағымданды. Осы факт бойынша үйге қызмет көрсететін ПИК төрағасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды.

– Жыл басынан бері облыста абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 1328 адам жауапқа тартылды. 2,5 млн теңгеден астам соммаға айыппұл салынды, – деп хабарлады Павлодар қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Қанат Дүйсекенов.

Полицейлер азаматтарға сақ болуды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру