Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер көлік ұрлығына қатысы бар шетелдікті анықтады

Елордалық полицейлер көлік ұрлығына қатысы бар шетелдікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәжікстан тұрғыны астаналық әйелдің көлігіне кіріп, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Әйел Toyota Camry – 30 автокөлігін ұрлаудан келген шығынды 2 млн теңгеге бағалаған.

Кейіннен ұрланған көлік қала көшелерінің біріндегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданының полиция қызметкерлері көлікті айдап кетуге қатысы бар 29 жастағы шетелдікті анықтады.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ер адам ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды көліктен шығарда қырағы болуды, барлық есіктер мен терезелердің сенімді жабылғанын тексеруді ескертеді. Ұрлықтың алдын-алу және көлігіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицейлер көлігіңіздің кілтін бейтаныс адамдарға бермеуге кеңес береді.

Егер cізге қарсы заңсыз әрекеттер жасалса, дереу «102» нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру