КСРО паспортымен жүрген СҚО-ның 7 тұрғыны жаңа жеке куәлік алды
Жыл басынан бері КСРО паспортымен жүрген 7 солтүстікқазақстандық тұрғын жаңа жеке куәлік алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжаттар республикада 1994 жылы енгізілді. 1974 жылғы үлгідегі паспорты бар адамдар бірқатар қызметтерді алуға, төлемдерді рәсімдеуде шектелген. Дегенмен, бірқатар тұрғындар қандай да бір себептермен ескі төлқұжаттармен өмір сүріп келеді.
СҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері оларды құжаттандыру жұмыстарын жалғастыруда. Петропавл қаласының 49 жастағы тұрғыны құжаттарды рәсімдеуге көмек сұраған. Көші-қон полицейлері азаматтығын анықтау рәсімін жүргізді.
– Қала тұрғыны үшін жеке куәлік дайындалды, енді ол біздің мемлекетіміздің барлық қызметтерін пайдалана алады. Ескі құжаттарды пайдаланатын солтүстікқазақстандықтарды мәселені шешуді кейінге қалдырмауға және өздерінің құқықтық мәртебесін реттеуге шақырамыз, – дейді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.
Жыл басынан бері көші-қон қызметінің қызметкерлері СҚО-ның жеті тұрғынына ҚР азаматтарының куәлігін алуға көмектесті.