Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері ІІО ардагеріне “ҚР ІІМ құрметті ардагері” төсбелгісін табыс етті

Ақмола полицейлері ІІО ардагерін мерейтойымен құттықтап, оған “ҚР ІІМ құрметті ардагері” төсбелгісін табыс етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 сәуір күні ІІО ардагері Мұхтар Нұрғалиевті 60 жылдық мерейтойымен құттықтап Ақмола облысы ПД бастығының орынбасары Бақытжан Ералин және ардагерлер кеңесінің төрағасы Дәуітбек Нұрғалиев барды. Қонақтар отставкадағы полковникке “ҚР ІІМ құрметті ардагері” төсбелгісін табыс етті.

Мұхтар Бейсембайұлына құрметті атақ Қазақстан ІІО ардагерлер Кеңесі Төралқасының және ҚР Ұлттық ұланының қаулысымен берілді. Мұхтар Бейсембайұлы Нұрғалиев өмірінің біршама бөлігін Целинный көліктегі ІІБ жұмысына арнады, полицияның желілік пункті бастығының міндетін атқарды, Көкшетау станциясындағы желілік ішкі істер бөлімінің қылмыстық іздестіруін басқарды. 1993-1996 жылдар аралығында М.Нұрғалиев Алматы жоғары милиция мектебін тәмамдаған. Оның өміріндегі ең маңызды естеліктер, ардагердің айтуынша, Ақмола облысы ІІД аса ауыр қылмыстарды тергеу жөніндегі аға жедел уәкіл болған жылдар. Біраз уақыттан кейін жедел қызметте мол тәжірибесі бар Мұхтар Бейсембайұлы Ақмола облысы ІІД аса ауыр қылмыстарды тергеу бөлімін басқарған. Ерекше ауыр қылмыстарды тергеуде тәжірибе жинақтағаннан кейін Мұхтар Нұрғалиев ІІД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалған. Кейін ұйымдастырушылық таланты мен тәжірибесінің арқасында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасын басқарды.

Бүгінгі күні лайықты демалыстағы ардагер жұбайы Бағдат Сапарқызы мен қыздары Айнұр мен Нұрияның сүйіспеншілігі мен қамқорлығында.

Полиция департаментінің жеке құрамы мен ардагерлер кеңесі ардагерді құрметті атақ алуымен құттықтайды және оған зор денсаулық пен ұзақ өмір тілейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру