Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада 14 күн ішінде ЖҚЕ бұзудың 928 дерегі тіркелді

Ақмолада 14 күн ішінде ЖҚЕ бұзудың 928 дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел алдын алу іс-шарасының 14 күнінде полицейлер жол қозғалысы ережелерінің 928 бұзушылығын анықтады. Жүргізушілер жиі жіберетін бұзушылықтардың ішінде қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану ережелерін сақтамау кездеседі. ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке 232 жүргізуші тартылды. 47 жүргізуші балаларды арнайы ұстағыш құрылғыларсыз тасымалдады. ЖПІШ өткізу барысында жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 95 фактісі анықталды. Көлік құралын басқару кезінде 109 азамат телефонды пайдаланды (ҚР ӘҚБтК 591-бабы). Маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 63 жүргізуші жауапқа тартылды. Тиісті рұқсатсыз көлікті қайта жабдықтаудың 11 фактісі анықталды.

Полицейлер көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамдардың басқару фактілерін анықтауға ерекше назар аударады. ЖПІШ барысында осындай 2 факт анықталды. Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК 612-бабы 3-бөлігі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша әкімшілік хаттамалар құрылды. Сондай-ақ 20-дан астам фактісі анықталды (ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі). 21 сәуір күні Арашлы ауданының Жібек Жолы кентінде учаскелік полиция инспекторы Бекзат Туляпов Жамбыл облысының 18 жастағы тұрғынының басқаруындағы ВАЗ-21043 автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында аталған азаматтың көлік құралын басқару куәлігі жоқ екендігі анықталды. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Баптың санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырады.

ЖПІШ өткізу барысында арнайы тұрақтарға 44 көлік құралы қамалды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жолаушылар тасымалын жүзеге асыруды бақылауды күшейтуге, олардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған “Заңсыз такси” ЖПІШ жалғасып жатыр.

Ақмола полицейлері азаматтарды жолда мұқият болуға, жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру