Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да мас күйде жасалатын қылмыстың саны азайды

СҚО-да мас күйде жасалатын қылмыстың саны азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың едәуір бөлігі, әсіресе, бұзақылық, денсаулыққа зиян келтіру, тұрмыстық зорлық-зомбылық – мас күйде жасалады. «Жасырын» немесе түнде алкогольді сатып алу мүмкіндігі қылмыс жасау қаупін арттырады. Алкогольге қарсы заңнама талаптарын сақтау полицейлер жүргізетін профилактикалық жұмыстың маңызды бөлігі саналады.

Мамлютка аудан орталығында тәртіп сақшылары құрамында алкоголь бар өнімдерді түнде сату фактісін анықтады. Сағат 22:00 шамасында дүкендердің бірінің сатушысы келушіге бір бөтелке коньяк сатқан. Полицейлер еске салады: ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабына сәйкес, этил спиртінің көлемдік үлесі 30%-дан асатын сусындарды келесі күні сағат 21:00-ден 12:00-ге дейін сатуға тыйым салынады. Әлсіз алкогольді келесі күні сағат 23:00-ден 08:00-ге дейін сатуға болмайды. 21 жасқа дейінгі адамдарға алкогольді сатуға жол берілмейді.

– Жыл басынан бері облыста алкогольді сату ережелерін 65 бұзушылық, рұқсат құжаттарынсыз алкогольді сатудың 106 фактісі анықталды. Сонымен қатар 3751 солтүстікқазақстандық қоғамдық орындарда ішімдік ішуге немесе мас күйінде болғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Мақсатты профилактика 4 айдың қорытындысы бойынша мас күйінде жасалған қылмыстар санын 20,6%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Өткен жылдың осы кезеңінде 204-ке қарсы 162 факт тіркелді. Айта кетерлік жайт, Мамлют ауданы бойынша төмендеу 23%-ды құрайды. Заңсыз айналымнан 2870 литр алкоголь өнімі алынды, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру