Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер практикалық тапанша атудан Қазақстан кубогының иегері атанды

Елордалық полицейлер практикалық тапанша атудан Қазақстан кубогының иегері атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27-30 сәуір аралығында Алматы қаласында өткен республикалық спартакиадада Астана қаласы полиция департаментінің командасы бірінші орынды иеленді.

Классикалық пән бойынша практикалық тапанша атудан ҚР кубогына Астана, Алматы, Көкшетау, Петропавл, Атырау, Семей, Ақтөбе және тағы да басқа республиканың әртүрлі қалаларынан 13 команда қатысты. Табанды бәсекенің қорытындысы бойынша бірінші орынды Астана командасы жеңсе, екінші орынды Петропавл, үшінші орынды Алматы қаласы жеңіп алды. 

Мықты қарсыластармен өткен тартыста елордалық полицейлер жоғары шеберлікті, қайтпас ерік-жігер мен нағыз спорттық мінезді көрсетті. Спорттың бұл түрінің басты ерекшелігі – жоғары қарқындылық пен ұтқырлық, еркін стиль. Атқыштар қаруды дәл және жылдам ату және манипуляциялауды ғана емес, сонымен қатар дұрыс жоспар мен тактика құру, өз әрекеттерін есептеп, қиындықтарды жеңе білуі керек.

Практикалық ату – динамикалық спорт түрі. Әрбір жаттығу – ату дағдыларының айтарлықтай күрделі сынағы болып есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру