Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында жолаушы такси жүргізушісін 70 мың теңгеге алдап кеткен

Ақмола облысында жолаушы такси жүргізушісін 70 мың теңгеге алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола полицейлері бұрын жасалған қылмысты ашты. Алаяқтық дерегі туралы арыз 4 сәуір күні Степногорск қаласының полиция басқармасына келіп түсті.

Теміртау қаласының 45 жастағы тұрғыны InDrive жолаушылар тасымалы сервисінің такси жүргізушісінің айғақтары бойынша оған жолаушының аты ғана белгілі болған. Белгісіз адам Теміртау қаласынан Степногорск қаласына дейін таксиге тапсырыс берген. Баратын жеріне келгеннен кейін қаскөй жол ақысын төлемей, қашып кеткен. Залал сомасы 70 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Степногорск қаласының тұрғынын анықтады. Оның алаяқтық фактісіне қатысы тексеріліп жатыр..

Полиция басқармасы осы дерекке сәйкес ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру